+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

9 шілде. Туған күн иелері

2020 жылғы 9 шілде 08:14
Бөлісіңіз:
9 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 9 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

57 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Солтанбекұлы БАРМАҚОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған.

Өскемен қалалық құрылыс-жол институтын (1986) «инженер-механик» мамандығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін (2007) «автомобиль жолдары мен аэродром құрылысы» мамандығы бойынша бітірген.

Талдықорған облысы Бүрлітөбе ауданы автожолының желі механигі, бас инженері (1986-1991), Қапал ПДУ басшысы, «Талдықорған жолдары» АҚ басшысының орынбасары (1991-1998), басшы, «ДЭУ-25» директоры (1998-2006), Сыртқы займдар және инвестициялық жобалар басқармасы қарызға алу және жобаларды дайындау бөлімі басшысының м.а., Сыртқы займдар және инвестициялық жобалар басқармасы және жобаларды дайындау бөлімінің басшысы, Көлік инфрақұрылымының даму комитеті сатып алу және жобалық-сметалық құжаттаманы сараптау бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алулар департаменті сатып алулар бөлімінің басшысы (2006-2008), Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы департаментінің директоры (2008-2013), «Санаторий Щучинский» АҚ бас директорының орынбасары (2013), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директорының орынбасары (2014), Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары (2014), Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары (2014), Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары (02.2019 бастап).

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың сәуір айынан бастап.

56 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Мұсатайұлы СЕЙТІМОВ дүниеге келді.

Алматы облысында дүниеге келген.

ҚазМУ заң факультетін, Ресей Федерациясының СІМ Дипломатиялық академиясының «Халықаралық қатынастар» факультетін бітірген.

СССР Қарулы күштерінің қатарында қызмет етіп, қоғамдық және коммерциялық ұйымдарда жұмыс атқарған. ҚР СІМ жүйесінде 1994 жылдан бастап жұмыс істейді.

ҚР СІМ Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаментінде маман (1994-1996), ҚР ГФР Елшілігінің бөлімшесінде үшінші хатшы, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің екінші хатшысы, бөлім бастығы (1997-2000), ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының консулы, ҚР Ганновер қаласындағы консулдығының консулы (2000-2004).

2004-2007 жылдары - ҚР СІМ ТМД департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, Департамент директорының орынбасары. 2007-2010 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы, меңгерушінің орынбасары.

2010-2013 жылдары - ҚР Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі. 2013-2016 жылдары - ҚР Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы.

2016-2019 жылдары - Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап.

56 жыл бұрын (1964) қазақстандық тележүргізуші, театр және кино актері, театр режиссері Евгений Нұриұлы ЖҰМАНОВ дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған.

Шығармашылық қызметін Павлодар облыстық драма театрынан бастаған. Орал облыстық орыс драма театрында, Мемлекеттік орыс академиялық драма театрында өнер көрсеткен. 1996 жылдан Республикалық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының актері.

Е.Жұманов театр сахнасында Ромео (У.Шекспир «Ромео - Джульетта»), Калигула (А.Камю «Калигула»), Сальери (А.Пушкин «Моцарт пен Сальери»), Хосе (П.Периме «Кармен») және басқа рөлдерде ойнаған.

«Тоғысқан тағдырлар» телесериалында Шәміл Байжановтың бейнесін сомдаған.

Ол сонымен қатар теледидар бағдарламаларының жүргізушісі ретінде де танымал.

46 жыл бұрын (1974) Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Бақтыбайұлы СҚАҚОВ дүниеге келді.

1995 жылы Ақмола қаржы-экономикалық техникумын салық бойынша қаржыгер; 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін экономист және қаржыгер; 2004 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бакалавр-заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

1995-1998 жылдары - Павлодар облысы бойынша Салық инспекциясы қосалқы салықтар бөлімінің маманы, салық инспекторы, аға салық инспекторы (05.1995-06.1998); 1998-1999 жылдары - Павлодар облысы бойынша Салық комитетінің ірі салық төлеушілердің салық аудиті бөлімінің бас салық инспекторы; 1999-2000 жылдары - Павлодар облысы бойынша Салық комитетінің ірі салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы; 2000 жылы - Павлодар облысы бойынша Салық комитеті тіркелмеген салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы; 2000-2001 жылдары - Павлодар облысы бойынша Салық комитетінің төлемдерді талдау, болжау және есеп алу бөлімінің бастығы; 2001-2005 жылдары - Павлодар қаласының Салық комитеті төрағасының орынбасары; 2005-2006 жылдары - Павлодар облысы Қашыр ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы; 2006-2008 жылдары - Павлодар облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының экономика жөніндегі орынбасары; 2008-2010 жылдары - Павлодар облысы бойынша Салық департаменті Павлодар қаласы бойынша Салық басқармасының бастығы; 2010-2012 жылдары - Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің бастығы; 2012-2014 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының орынбасары; 2014 жылы - Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы; 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап - Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы.

Қазіргі қызметінде - 2020 жылдың қаңтарынан.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары: Медальдары: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Ерен еңбегі үшін» (2014); Салық қызметінің үздігі (2011), Қаржы қызметінің үздігі (2012), Мемлекеттік қызметтің үздігі (2014).

44 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Президенті ӘкімшілігініңСтратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі Айдын Жеңісұлы ҚҰЛСЕЙІТОВ дүниеге келді.

Өскемен қаласында туған.

1997 жылы - Батыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін; 2004 жылы - Қазақтан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын аяқтаған.

Техника ғылымдарының кандидаты.

1996-2000 жылдары - коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 2000-2003 жылдары - Өскемен қаласының Индустрия, сауда және шағын бизнес басқармасының Индустрия және экология бөлімінің бас маманы, бастығы.

2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының тыңдаушысы.

2004-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Тұтыну тауарлар бөлімінің бастығы, Өнеркәсіптің тау-кен және өңдеу салалары басқармасының, Индустриалдық саясат департаментінің директоры, Хатшылық - Стратегиялық жоспарлау және жинақы талдау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және салааралық үйлестіру департаментінің директоры.

2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2009-2014 жылдары - «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма төрағасы (қайта ұйымдастырудан кейін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік»).

2014-2017 жылдары - «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-ның басқарма төрағасы.

2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі.

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың шілде айынан бастап.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған (2014).

43 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Данай Мұратұлы СМАҒҰЛОВ дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар және елтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2005-2006 жылдары - «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-да бас маман.

2006-2007 жылдары - «КазТрансОйл-Сервис» АҚ-да маман, келісімшарт бөлімінің басшысы.

2007-2008 жылдары - «Васильковский ГОК» АҚ сатып алу және логистика департаментінің жетекші маманы.

2008-2009 жылдары - «НурСай Строй-Сервис» ЖШС мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры.

2009-2010 жылдары - Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы.

2010-2011 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісінің «Нұр Отан» ХДП фракция аппаратының ақпараттық-сараптамалық бөлімінің кеңесшісі.

2012-2013 жылдары - «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының кадр жұмыстары және құжатпен қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2013 жылы - ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының халықаралық қатынастар және хаттама бөлімінің бас сарапшысы.

2013-2016 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары.

2016 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

42 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Мақсат Нұрлыбекұлы СҚАҚОВ дүниеге келді.

2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Ішкі істер органдарының қызметкері ретінде бастаған.

ҚР Президентінің күзет қызметінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, ҚР Мәдениет, Білім және Ғылым министрліктерінде, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тілдер комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

2016-2017 жылдары - ҚР Бас прокурорының ерекше маңызды тапсырмалар бойынша аға көмекшісі болып жұмыс жасаған.

2017 жылдың тамыз айынан бері Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болған.

Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың маусымынан.

42 жыл бұрын (1978) «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының басшысы Мәди Жарылқасынұлы ОСПАНОВ дүниеге келді.

Қарағандыда туған.

1999 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «халықаралық құқық» мамандығымен тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы Әділет басқармасы Сарыарқа аудандық сотының сот приставы болып бастаған.

2000-2001 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінде еңбек еткен.

2001-2002 жылдары ҚР Қаржы полициясы агенттігі құқықтық сараптама бөлімінің басшысы, 2002-2003 жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде, 2003-2007 жылдары «Семсер» АҚ заң департаментінде, 2008-2013 жылдары коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтер атқарды.

2013-2018 жылдары «Nur Otan» партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары болған.

2018 жылдың мамырынан қыркүйегіне дейін – «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары – Құқықтық қамтамасыз ету және кадрлық іс қағаздарын жүргізу басқармасының бастығы.

2018-2019 жылдары– «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының басшысы.

2019-2020 жылдары – Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті төрағасының кеңесшісі, ҚР Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде - 2020 жылдың мамырынан.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT