+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

9 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

2021 жылғы 9 сәуір 07:00
Бөлісіңіз:
9 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2020 жылғы 9 сәуірге арналған күнтізбені ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
10 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі 8 сәуір. Туған күн иелері 8 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1999 жылы Бакуде «Китаби Деде Горкуд» Әзербайжан эпосының 1300 жылдығына арналған түркітілдес бес мемлекет басшыларының саммиті өтті. Онда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Деде Горкуд - Ұлы жол» – Достастық қоғамы лауреаттарының жоғары атағы берілді.

2010 жылы Алматыда № 5572 әскери бөлімінде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ішкі әскер жауынгерлеріне арналған Ескерткіш аллеясы ашылды.1995 жылы 7 сәуір күні Тәжікстан тауларында әскери қызмет бабындағы Қазақстанның Ішкі әскер ротасы тұтқиылдан тап берген лаңкестердің шабуылына ұшыраған болатын. Олардың қазақстандық ротаны жоюға қатысты жоспары іске аспай, керісінше кері шегінулеріне тура келген. Алайда шайқас 17 жауынгердің өмірін қиып кетті. Бұл күн Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер бөлімінде батырларды еске алу күні болып саналады.

2013 жылы Бішкекте қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовке арналған мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды.

2016 жылы Қазақстан ұлттық кітапханасында Құран Кәрімге түсінік беретін - «Құран тәпсірі» қолжазбасы табылған. Кембридж университетінде парсы зерттеулерінің жетекшісі, профессор Фируза Мелвиллдің пікірінше, бұл қолжазба ғылым әлеміндегі нағыз сенсацияға айналуы мүмкін.

2017 жылы Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен «17th Top China Music Awards» шарасында «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» номинациясы бойынша марапатталды.

2018 жылы жүзуден Испания ашық чемпионатының екінші күні Олимпиада чемпионы, қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында алтын медальды жеңіп алды. Баландин жеңіске жетумен қатар, 2:09:31 нәтижесімен осы қашықтықта Испания чемпионатының рекордын орнатты.

2019 жылы республикалық телеарналар эфирінен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан уақытымен 13.00-де ел азаматтарына үндеу жолдады. Онда Мемлекет басшысы 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Қазақстан Республикасы президентін сайлау өтетінін мәлімдеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT