9 рет ұрлық жасаған адам жәбірленушілермен татуласу арқылы бостандықта жүрген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 рет ұрлық жасаған ұры жәбірленушілермен татуласу арқылы бостандықта жүрген. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Істердің басым бөлігі үкім шығарылумен аяқталып, қылмыскерлер жасаған әрекеті үшін шынайы жаза алады. Мәселен, азамат Бегалин 2019 жылы 9 рет ұрлық жасаған. Оның үшінде 4 рет үйге ұрланып кіріп, қылмыс жасағаны анықталды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, қылмыскер жоғарыда аталған барлық қылмысы үшін зардап шегушілермен татуласу арқылы бостандықта қалып отырған.

«Дегенмен, осы жылдың ақпанында ол дүкенге кіріп кезекті рет ұрлық жасағаны үшін ұсталып, тұтқынға алынды және бас бостандығынан айыруға сотталды. Бұған қоса, жасалған ауыр қылмыстар барлық уақытта құқық қорғау органдары басшыларының ерекше бақылауында тұр. Оларды тәжірибелі қызметкерлер тергейді», - деді Бас прокурордың орынбасары.


Соңғы жаңалықтар