9 рет теракт туралы жалған хабар берген алматылық 6 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 9 рет теракт туралы жалған хабар берген алматылық 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

35 жастағы Клещатов В.С. биыл тамыздың 19-ында түскі 11:25 шамасында өз ауласында отырып, 112 кезекші пультына ұялы телефоны арқылы 9 рет қоңырау шалған. Ол бірер сағатта қалада теракт болатынын, жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған.

Жедел әрекет еткен құзырлы орган өкілдері ешқандай жарылғыш зат таппады.

№2 Бостандық аудандық сотының шешімімен бұрын сотталмаған В.С.Клещатов ҚР ҚК 273-бабы бойынша айыпты деп танылып, жазасын қоныс колониясында өтейтін болды.

Соңғы жаңалықтар