9 өңірде аптап ыстық сақталады - Қазгидромет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 12 шілде күні жекелеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстікте түнде және таңертең дауыл болады. Республиканың тек оңтүстік-батысында және оңтүстігінде жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Еліміздің кей аймақтарында жел күшейіп, түнде және таңертең тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрып, күндіз бұршақ күтіледі.  

Қарағанды облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с екпінде жел соғады, түнде және таңертең тұман болады.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықта жел болады, шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 17-22 м/с күшейеді.

Сондай-ақ Атырау облысының жекелеген аумақтарында қатты ыстық күтіледі. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болжанады.

Бұдан бөлек, Маңғыстау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Соңғы жаңалықтар