9 мыңнан аса долларды қолдан жасаған күдікті қамауға алынды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаржылық мониторинг агенттігі жалған 9300 АҚШ долларын жасағандардың ісін сотқа жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған 9300 АҚШ долларын жасаған және психотроптық заттарды сату фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберді. Күдіктіге қатысты «қамауға алу түріндегі» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда», - делінген хабарламада.


Фото ашық көздерден алынды
Соңғы жаңалықтар