9 мың ақмолалық донорлық қан тапсырған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында барлығы 9 мыңға жуық донор тіркелген, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мəліметі бойынша, медицина саласы қызметкерлерінің кəсіби мерекесі қарсаңында Көкшетау қаласында "Қан тапсыр да - өмірді сақта" акциясы өтуде. 

Жыл сайын ұйымдастырылатын дəстүрлі шараға медициналық мекемелердің қызметкерлері мен бас дəрігерлері қатысуда. 
«Донор ретінде қан тапсыру игі іс. Қан тапсырмас бұрын алдымен дəрігердің кеңесіне құлақ асқан абзал. Қан тапсырар алдында диета ұстап, алкогольді ішімдіктен бас тарту керек, сондай-ақ организмге қажетті микроэлеметтерді тұтынуы қажет», - дейді Ақмола облыстық Қан орталығының бас дәрігері Сәкен Қалымжанов.


Айта кетейік, донорлардан алынған қан бірінші кезекте облыстық балалар ауруханасына,  ауыр хəлдегі науқастарға және онкологиялық сырқаттарға шалдыққандарға тапсырылатын болады.

Осы күні облыста барлығы 8797  донор тіркелген.  Оның 1648 бірінші рет қан тапсырғандар.

Жалпы, өткен жылы облыс бойынша Қан орталығына донор болуы үшін 14 177 адам жүгінген. Нəтижесінде 6714,7 литр консервіленген қан дайындалды.

Соңғы жаңалықтар