9 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халқаралық ақпарат агенттігі 9 маусым күні елорда мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де «Wyndham Garden Astana» қонақ үйінде ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақ тау-кен қадағалау басқармасының құрылғанына 100 жыл толғанын атап өтеді.

Салтанатты шараға Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, ТЖМ басшылары мен қызметкерлері, азаматтық қорғау ардагерлері мен өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері қатысады.

11.30-да «Нұрлы Орда» бизнес орталығында Қазақстандық қоғамдық даму институты алаңында «Референдум қорытындысы: эксперттер пікірі» тақырыбында «Sarap» эксперт клубының отырысы жоспарланған.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Екінші республика. Жаңа саяси модельге көшу» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтуі тиіс.

Спикер: ҚР Әділет вице-министрі Алма Қайратқызы Мұқанова.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook.

14.00-де Назарбаев Университеті маңында аталған оқу орнының студенттеріне арналған дәстүрлі ағаш отырғызу рәсімі өткізіледі.

15.10-да ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин мен БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мохаммедтің қатысуымен баспасөз конференциясы жоспарланған.

16.00-де «Хилтон» қонақүйінде ҚР Президентінің қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесі өтпек.

АЛМАТЫ

12.00-де Кардиология және ішкі аурулар институтында перфузиолог дәрігерлер үшін «Перфузия және жасанды қанайналым саласындағы инновациялар» тақырыбында мастер класс болады.

Аутотрансфузияны клиникалық қолданудың тереңдетілген курсын Еуропаның перфузия және жасанды қанайналым саласындағы жетекші маманы, доктор Youssef El Dsouki (Франция) өткізеді.


Соңғы жаңалықтар