9 маусым. Туған күн иелері

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 9 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырман назарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

84 жыл бұрын (1939) медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жүрек-қан тамырлары хирургтары қауымдастығының төрағасы, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының академигі Сейітхан Жошыбайұлы ЖОШЫБАЕВ дүниеге келді.

Ол Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы (бұрынғы Луговой ауданы) Ақыртөбе ауылында туған. Қырғыз мемлекеттік медицина институтын, КСРО Медицина ғылымдары академиясының А.Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.

1970-1984 жылдары - Бішкекте хирург, медициналық институтының жалпы хирургия кафедрасының ассистенті, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық кардиология орталығының меңгерушісі. 1984-1992 жылдары А.Сызғанов атындағы клиникалық және тәжірибелік хирургия ғылыми-зерттеу институты жүрек-қан тамырлары бөлімінің жетекшісі болды. 2006 жылдан бастап Тараз қаласындағы Кардиохирургия орталығының директоры қызметін атқарды. С.Жошыбаев Кардиология жөніндегі көптеген халықаралық ұйымдар мен одақтардың құрметті мүшесі. 1 ғылым докторын, 9 ғылым кандидатын дайындап шығарған.

Ол тәжірибе алмасу мақсатында Моңғолия, Венгрия, Германия, Үндістан, АҚШ, Англия, Канада, Польша, Чехия және тағы басқа елдердің арнайы мамандандырылған клиникаларында болды. Қырғызстан мен Қазақстанның бірнеше медальдарымен марапатталған.

47 жыл бұрын (1975) Абай облысы әкімінің орынбасары ГАРИКОВ Димитрий Александрович дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында туған. 1998 жылы Семей құрылыс техникумын, 2000 жылы Д.Серікбаева атындығы Шығыс Қазақстан техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолы: Бородулиха ауданы Бородулиха ауылының «Тұрмыс қызметі» АҚ кочегары. Бородулиха МАЗС операторы. Бородулиха ауданы әкімі аппаратының бас маманы. Бородулиха ауданы Дмитриевка ЖҚБ меңгерушісі. «Коммуналдық шаруашылық» мемлекеттік коммуналдық көпсалалы кәсіпорнының бастығы. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы. «ШҚО Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы. Кейін Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары, «ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы, Семей қаласы әкімінің орынбасары, Курчатов қаласының әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған. Сондай-ақ ШҚО «мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ басшысы, Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Қазіргі қызметіне 2022 жылдың қазан айында кірісті.

43 жыл бұрын (1980) Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы ӘБДІРАХЫМ дүниеге келді.

Жамбыл қаласында туған. «Қайнар» университетін «заңгер» мамандығы бойынша, Иель менеджмент мектебін бітірді.

Еңбек жолы: 2001-2002 жылдары – «Астанаэнергосервис» ААҚ бақылаушысы. 2002-2007 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде жетекші, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, бастығы, заңнама департаменті директорының орынбасары. 2007 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында – ҚР Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры. 2007-2009 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің шағын заң актілері департаментінің директоры. 2009-2012 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы. 2012-2021 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2021-2023 жылдары - Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Қазіргі қызметін 2023 жылдың сәуір айынан атқарып келеді.

34 жыл бұрын (1989) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Темірбекұлы ОРДАБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, Cesar Ritz Colleges Switzerland оқу орнын «Қонақүй және туризм менеджменті» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2007 – 2008 жж. «Қазақстан жастарының Конгресі» ЗТБ жобаларының үйлестірушісі. 2008 – 2009 жж. «Бауырсақ күні» қоғамдық қоры атқарушы директорының орынбасары. 2008 – 2009 жж. «Қазақстан студенттер Альянсы» РСД Алматы штабының көшбасшысы. 2010 – 2010 жж. «Біз қуатты Қазақстан үшін» жастар қозғалысы атқарушы директорының орынбасары. 2010 – 2011 жж. «Қазақстандық азаматтық қорғау қоры» қоғамдық қорының вице-президенті. 2012 – 2014 жж. «Жаңа технологиялар және азаматтық қорғау қоры» ЖШС директорының сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары. 2014 – 2015 жж. «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Әлеуметтік әріптестік департаментінің бас менеджері. 2015 – 2016 жж. «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары. 2016 – 2018 жж. «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің директоры. 2018 – 2018 жж. «Атамекен» ҚР ҰКП адам капиталын дамыту департаментінің басқарушы директоры. 2018-2022 жылдары «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары. 03.2022-07.2022 аралығы «Talap» КЕАҚ президенті болды.

Қазіргі қызметіне 2022 жылдың тамызында кірісті.


Соңғы жаңалықтар