9 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 9 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.


9.30-да ЭКСПО Конгресс орталығында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қазақстандық БАҚ өкілдері үшін Астана халықаралық форумы бойынша брифинг өткізеді.

10.00-де Конгресс орталықта «Астана» халықаралық форумының екінші күні басталады.

11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Балалардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігі. Мектепке дейінгі ұйымдарды жасақтау. Шомылу маусымында азаматтардың қауіпсіздігі туралы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев, Астана қаласы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Азамат Жұмекешов. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.


11.00-де «Хан-Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында «Салық туралы сұра» науқаны өтеді. Шараға кез келген адам қатыса алады және барлық салық мәселелері бойынша тегін кеңес ала алады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың кірістерін салықтық әкімшілендіру» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16.00-де Әділет министрлігінде Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен заң жобалау мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтеді.

19.00-де Оқушылар сарайында «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Алтын өлке аңызы» спектаклінің тұсаукесерін ұсынады.


19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Кешкі 7» спектакль-концерті көрсетіледі.


19.00-де Astana Opera театрында «Қазақ квартет» тобы «Ақжелең» концертін қояды.


Соңғы жаңалықтар