9 мамырда елорданың бірнеше көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 мамыр - Жеңіс күнінің тойлануына орай елорданың бірқатар көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«9 мамыр күні Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты сағат 09-00-ден 15-00-ге дейін көлік қоғалысына шектеу қойылады. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер шеруінің өтуіне байланысты Тәуелсіздің даңғылының Нәжимеденов көшесінен Пушкин көшесін дейінгі учаскесі қоғамдық көліктер үшін жабық болады», - делінген департамент ақпаратында.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік даңғылымен жапсарлас Б.Момышұлы, Б.Майлин, Шарль де Голь, Күйші Дина, Қажымұқан көшелерінде де көлік қозғалысына шектеу қою жоспарланған. Мұнан бөлек, Аманжолов көшесі мен Б.Момышұлы жағынан Байтұрсынұлы көшесі, Нажимеденов көшесі жағынан Тәуелсіздік даңғылы көлік қозғалысына жабық болады.

Соңғы жаңалықтар