9 мамырда елімізде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 9 мамыр  күні елімізде өтетін маңызды  оқиғаларға шолуды ұсынады

АСТАНА

11:00-де Жеңіс күніне арналған «Біз ұмытпаймыз, Қастерлейміз» атты автошеру ұйымдастырылады.

11:30-да «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

АЛМАТЫ

10:00-да 28 панфиловшылар саябағында Жеңістің 73 жылдығына орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Әскери-далалық асхана қойылып, концерт ұйымдастырылады.

12.00-да «Мәңгілік полк» шеруі өтіп, әскери техника көрмесі ұйымдастырылады. Батырлардың тірі ескерткіштері қойылып, «Алғыс қабырғасы» атты фотоалаң жұмыс істейді.

Кешке қарай Астана алаңында әскери әндер концерті ұйымдастырылады

Жеңістің 73 жылдығы сағат 22.00-де мерекелік от шашумен аяқталады

ОҚО

9 мамыр күні  Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ер есімі - ел есінде» атты салтанатты іс-шара өтеді. Жеңіс күніне арналған мерекелік шара сағат 8:30-да Қажымұқан стадионы алдынан «Қаһарман Ұлт» шеруімен бастау алады.  Жиналған жұртшылық Абай саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы және тыл еңбеккерлеріне арналған әскери өмірден театрландырылған көріністер қойылып, ардагерлерге дала ботқасы ұсынылады.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

9.00-де Өскеменнің өзен вокзалында «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушылар жиналып, Даңқ мемориалына қарай бет алады. Ол жерде сағ.11.00-де мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

11.30-да Әскери-тарихи музейінде ашық аспан астында әскери техниканың көрмесі өтеді.

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ

10:00-да Қостанай қаласының орталық алаңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара және митинг өтеді.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

10:00-де Петропавлдың театралды алаңында өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың қатысуымен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты шара өтеді.

11:30-да Бас алаңда театрландырылған бағдарлама басталып, әскери-дала асханасы жұмыс істейтін болады.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

10.00-де  Жұмыскер мәдениет үйінде «Мәңгілік өшпесін жеңіс күні» мерекелік сазды бағдарлама өтеді.

Сағат 10.00-де Қайыршақты ауылдық округінің Ескерткіш алаңында «Мәңгі өшпес-рухы биік ерлерім» гүл шоқтарын қою  рәсімі мен мәдени-сазды  бағдарлама өтеді.

Сағат 10.00-де Жеңіс саябағындағы  «Мәңгілік алау» монументінде «Ерлікке тағзым!» Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлес жауынгерлерге арналған мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді.

Сағат 20.00-22.00-де С.Бейбарыс атындағы алаңында «Жеңіс Туы желбірейді мәңгілік!» атты мерекелік кешкілік концерттік бағдарламасы өтеді.

Сағат 23.00-де мерекелік отшашу өтеді.

ТАЛДЫҚОРҒАН

11:00-де 9 мамырда Талдықорғандағы «Талдықорған» ипподромында Жеңіс күніне арналған ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық жарыс өтеді.

КӨКШЕТАУ

09:00-де Тәуелсіздік жəне Абылай хан алаңдарында  Жеңістің 73 жылдығына арналған салтанатты шара өтеді.

Соңғы жаңалықтар