9 мамыр күні Нұр-Сұлтанда автобус жүрмейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада мерекенің қай күні автобус жүрмейтіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында қалалық полиция департаменті мәлімет таратты.

«Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы жексенбі күні, яғни 9 мамырда бір күнге тоқтатылып, дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі» делінген департамент хабарламасында.

Қалған мереке күндері, яғни 7, 8 және 10 мамырда елордалық қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді.⠀

Жолаушылар маска тағып жүруге міндетті, автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.⠀

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.


Соңғы жаңалықтар