9 мамыр күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 9 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Оңтүстікте жаңбыр қатты жауатыны болжанады. Республиканың солтүстік және шығыс өңірі әлі де антициклон әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде желдің күшеюі, найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с артады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, 15-20 м/с жел күтіледі.

Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай, 15-20 м/с екпінде жел болжанады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман болады.

Қарағанды, күндіз Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында найзағай күтіледі.


Соңғы жаңалықтар