+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

9 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 9 қыркүйек 07:10
Бөлісіңіз:
9 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 9 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
23 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі 22 қазан. Туған күн иелері 22 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Тәжікстанның Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні

1991 жылы Мемлекет тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды. Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылы 7 қаңтарда орнатылды.

Дүниежүзілік әдемілік күні

Халықаралық Эстетика және косметология комитетінің (СИДЕСКО) бастамасы бойынша атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы үкімет мүшесінің анты туралы» қаулы қабылдады.

2002 жылы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында қазақ-өзбек шекарасының жекелеген учаскелері туралы Келісімге қол қойылды. Құжат арқылы екі ел арасындағы шекаралар толық анықталды.

2005 жылы Астанада Қазақстанның алғашқы Ұлттық жастар дельфий ойындары ашылды. Дельфий ойындары - классикалық және заманауи жанрдағы өнердiң барлық түрін бiрiктiретiн мәдени форум. Бұл фортепиано және скрипка, баян және халық билері, эстрадалық ән салу және театр, цирк және фотосурет, плакат және теледидар. Шара аясында Ұлттық ойындар конкурсы 14 номинация бойынша өтті.

2012 жылы Уфада ТҮРІКСОЙ-ға мүше елдер мәдениет министрлерінің Тұрақты Кеңесінің отырысында 2013 жыл қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың және қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың жылы деп жарияланды.

Мұқан Төлебаев (1913-1960) – композитор, СССР халық әртісі, ҚазССР-ға еңбегі сіңген өнер қайраткері, СССР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Алматы педагогикалық училищесінде, Мәскеу консерваториясының жанындағы Қазақ опера студиясында білім алған. Төлебаев - қазақ музыкасы майталмандарының бірі, барлық музыка жанрларында үлкен мұра қалдырған, қазақ музыка мәдениетін жаңа белеске көтерген әйгілі ұлттық композитор.

Шыңғыс Айтматов (1928 - 2008) – қырғыз жазушысы, кеңес әдебиетінің классигі, әлемдегі 170-тен астам тілдерге аударылып, 60 миллионнан астам тиражбен басылған философиялық романдар мен повестердің авторы. Айтматовқа «Ғасырдан да ұзақ күн» («Боранды бекет»), «Жан пида», «Кассандра таңбасы», «Жәмила» романдары даңқ әкелді. Әдеби қызметтен тыс, Айтматов Қырғызстанның Бенилюкс елдеріндегі елшісі де болды.

2013 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылды. Астанада ҚР өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев пен «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономика палатасы (ҚҰЭП) басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы ҚР Үкіметі мен ҚҰЭП бірлескен шешіміне қол қойды.

2013 жылы Астанада «Алаш» қозғалысының жүз жылдығына арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде alash-orda.kz интернет-порталы ашылды.

2014 жылы Астанадағы Astana Opera Мемлекетік опера және балет театрында Нейрохирургтардың Х Азиялық конгресінің салтанатты түрде ашылуы өтіп, соның аясында нейрохирургия және неврология саласындағы соңғы технологиялар мен тәжірибе талқыланған. Бұл шара Орталық Азия және ТМД кеңістігінде алғаш рет өткізілді. Оған әлемнің 50 елінен 600-ден астам делегат қатысты.

2016 жылы Шығыс Қазақстанның Қатонқарағай ауданында «Патшалар алқабындағы» ежелгі қорғанның үстіне айналы саркофаг орнатылды. Енді ол ашық аспан астындағы мұражайға айналды. Шыңдалған айнадан жасалған саркофагтың ауданы 90 шаршы метрге жетеді.

2016 жылы Алматыда Жұлдыздар аллеясында қазақ актері, театр және кино режиссері, сценарист, педагог Асанәлі Әшімовтің жұлдызы ашылды.

2019 жылы Қытайдағы Сиань қаласында әлемнің 18 елінен жиналған журналистер, соның ішінде ШЫҰ мүше елдері, серіктестер және байқаушыларының қатысуымен велотур өтті.

Шара Шанхай ынтымақтастық ұйымы гуманитарлық ынтымақтастығы мен «Бір белдеу – бір жол» концепциясын жасыл дамыту аясында ұйымдастырылды. 30-дан астам журналист, соның ішінде «ҚазАқпарат» тілшісі Самал Ендібаева велосипедке мініп, қаладағы көне Қытай қабырғасымен ұзақтығы 13,4 шақырым жолды жүріп өтті.

Көне заманда бұл қабырға Сиань қаласын жаулардан қорғаған, сондай-ақ қабырғаның батыс жағынан Ұлы Жібек жолына сауда керуендері аттанған. Бүгінде Қытай көне сәулетінің ескерткіші туристер арасында өте танымал болып отыр.

2019 жылы Маңғыстау облыстық ауруханасының кардиохирургтары пациенттің өз тініндегі қолқа қалпақшасын қалыптастыру отасын жасады. Бұған дейін мұндай жағдайда импланттар қолданылатын. Әлемде мұндай оталарды жасайтын орталықтар көп емес, ал Қазақстан Республикасы Орталық Азияда осындай отаны жасаған алғашқы ел болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT