+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

9 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 9 қыркүйек 07:00
Бөлісіңіз:
9 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 9 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Тәжікстанның Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні

1991 жылы Мемлекет тәуелсіздігі туралы декларация қабылданды.

Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылы 7 қаңтарда орнатылды.

Дүниежүзілік әдемілік күні

Халықаралық Эстетика және косметология комитетінің (СИДЕСКО) бастамасы бойынша атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы үкімет мүшесінің анты туралы» қаулы қабылдады.

2002 жылы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында қазақ-өзбек шекарасының жекелеген учаскелері туралы Келісімге қол қойылды. Құжат арқылы екі ел арасындағы шекаралар толық анықталды.

2005 жылы Астанада Қазақстанның алғашқы Ұлттық жастар дельфий ойындары ашылды.

Дельфий ойындары - классикалық және заманауи жанрдағы өнердiң барлық түрін бiрiктiретiн мәдени форум. Бұл фортепиано және скрипка, баян және халық билері, эстрадалық ән салу және театр, цирк және фотосурет, плакат және теледидар. Шара аясында Ұлттық ойындар конкурсы 14 номинация бойынша өтті.

2005 жылы Алматыда «Қауымдасқан қазақтың Қалдарбегі» атты естелік кітабы жарық көрді.

Кітап қазақтың белгілі жазушысы, Қазақтан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Бүкіләлемдік қазақтар қауымдастығы алқасы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Қалдарбек Найманбаевқа (1939-2004) арналған.

Кітаптың тысында жазушының өз қолымен жазған сөздері келтірілген. Екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде Қ.Найманбаевтың саяси, мемлекеттiк және қоғамдық қызметiндегі еңбектері жазылған; екінші бөлімі жазушының шығармашылығына, қазақ ұлттық әдебиетінің дамуына қосқан үлесіне арналған.

Қалдарбек Найманбаев шығармашылық қызметін «Лениншіл жас» газетінен бастаған. Кейіннен басқа республикалық баспаларда жетекшілік қызметтерін атқарған. Жазушының шығармаларының ішіндегі ең танымал кітаптары: «Үміт өткелі», «Даңқ тұғырында», «Көктөбе», «Біз сені тосамыз, Гүлзат», «Алыс сапар». 1992 жылы Қ.Найманбаев Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы алқасының төрағасы болып сайланған және осы лауазымында өмірінің соңына дейін қызмет атқарған.

2012 жылы Уфада ТҮРІКСОЙ-ға мүше елдер мәдениет министрлерінің Тұрақты Кеңесінің отырысында 2013 жыл қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың және қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың жылы деп жарияланды.

Мұқан Төлебаев (1913-1960) – композитор, СССР халық әртісі, ҚазССР-ға еңбегі сіңген өнер қайраткері, СССР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Алматы педагогикалық училищесінде, Мәскеу консерваториясының жанындағы Қазақ опера студиясында білім алған. Төлебаев - қазақ музыкасы майталмандарының бірі, барлық музыка жанрларында үлкен мұра қалдырған, қазақ музыка мәдениетін жаңа белеске көтерген әйгілі ұлттық композитор. Ол – «Амангелді» операсының (Е.Г. Брусиловскиймен бірге), ҚазССР Мемлекеттік Әнұранының (Е.Г. Брусиловский және Л.А. Хамидимен бірге) авторы. Оның «Біржан мен Сара» операсы қазақ опера музыкасына қосқан елеулі үлесі болды. Композитор оркестрлік және камералық туындыларды, 50-ден астам әндер мен романстарды беріп, халық әндерін өңдеді, М. Әуезов атындағы Қазақ драма театрының спектакльдеріне және фильмдерге музыка жазды.

Шыңғыс Айтматов (1928 - 2008) – қырғыз жазушысы, кеңес әдебиетінің классигі, әлемдегі 170-тен астам тілдерге аударылып, 60 миллионнан астам тиражбен басылған философиялық романдар мен повестердің авторы.

Айтматовқа «Ғасырдан да ұзақ күн» («Боранды бекет»), «Жан пида», «Кассандра таңбасы», «Жәмила» романдары даңқ әкелді. Әдеби қызметтен тыс, Айтматов Қырғызстанның Бенилюкс елдеріндегі елшісі де болды.

2013 жылы Астанада ҚР өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев пен «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономика палатасы (ҚҰЭП) басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы ҚР Үкіметі мен ҚҰЭП бірлескен шешіміне қол қойды.

2013 жылы Астанада «Алаш» қозғалысының жүз жылдығына арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде alash-orda.kz интернет-порталы ашылды.

2016 жылы Шығыс Қазақстанның Қатонқарағай ауданында «Патшалар алқабындағы» ежелгі қорғанның үстіне айналы саркофаг орнатылды. Енді ол ашық аспан астындағы мұражайға айналды. Шыңдалған айнадан жасалған саркофагтың ауданы 90 шаршы метрге жетеді.

2016 жылы Алматыда Жұлдыздар аллеясында қазақ актері, театр және кино режиссері, сценарист, педагог Асанәлі Әшімовтің жұлдызы ашылды.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін жоғары деңгейде өткізуге тікелей атсалысқаны үшін Халықаралық көрмелер бюросының бірінші алтын медалімен марапатталды.

2017 жылы Астанада өткен бокс кеші аясында қазақстандық боксшы Қанат Ислам (24-0, 19КО) канадалық Брэндон Кукты (18-0, 11КО) жеңіп, өз атақтарын қорғап қалды. Аталған жекпе-жектің андеркартында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген 8 қазақ боксшысы өнер көрсетті. Алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бір минуттың ішінде өз қарсыласын нокаутпен жеңді. «Нью-Йорктың үздік полицейі» Димаш Ниязов елірген қарсыласын сабасына түсірді. Қазақтың жас нокаутері Айдос Ербосынұлы да кезекті жеңісіне жетті. Ал Әли Аxмедов өз қарсыласын теxникалық нокаутпен жеңді. Нұрсұлтан Жаңабаев та өз уәдесін орындап шықты. Аса ауыр салмақта Руслан Мырсатаев төртінші жеңісіне қол жеткізді. Жәнібек Әлімxанұлы болса, кәсіби бокстағы екінші жеңісіне жетті. Жанқош Тұраров та өз қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT