9 құндыз ішікті Қазақстанға заңсыз кіргізбек болған келіншек ұсталды

None
None
ҚОРҒАС. ҚазАқпарат - Қорғаста 9 құндыз ішікті Қазақстанға заңсыз кіргізбек болған 25 жастағы келіншек ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Қорғас шекаралық бақылау жасағының жауапкершілік аумағындағы Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында болған.

«Бөлімше шекарашылары 9 құндыз ішікті елге алып кірмек болған 25 жастағы қазақстандық әйелді ұстады. Бұл азаматша кедендік және шекаралық тексеруден өтіп болған кезде ұсталып отыр. Заңсыз тауар актіленіп «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды» делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «Ақтау» шекарашылар кемесі еліміздің теңіздегі шекарасын күзете жүріп, теңізден ұзындығы 1600 метрлік ау мен 800 дана ілмек тауып алды. Ауға шырматылған бекіре балықтары құтқарылды. Мемлекетке келуі мүмкін шығын - 1 767 500 теңге. Абырой болғанда, оның алды алынды.


Соңғы жаңалықтар