+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

9 күн бұрын жоғалған 21 жастағы ақмолалық іздестіріліп жатыр

2021 жылғы 29 қыркүйек 08:42
Бөлісіңіз:
9 күн бұрын жоғалған 21 жастағы ақмолалық іздестіріліп жатыр

БЕСТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында тоғыз күн бұрын жоғалып кеткен 21 жастағы Бестөбе ауылының тұрғыны іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында із-түзсіз кеткен ағайындылардың біреуінің денесі табылды Оралда із-түзсіз кеткен әйелдің денесі орманнан табылды Қызылордада бір жарым ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 қыркүйек күні Степногорск қаласының полиция басқармасының кезекші бөліміне Бестөбе ауылының 72 жастағы тұрғыны келіп, 21 жастағы немересі Повид Константин Сергеевичтің жоғалып кеткені туралы өтініш жазған. Константин 20 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында Бестөбе ауылындағы үйінен шығып, қайтып келмеген.

«Қазіргі кезде жоғалған жігіттің қайда екенін анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр», - деді ведомстводан.

Полицейлердің айтуынша, жоғалған жігіттің бойы – 160 см, дене бітімі орташа, көзінің түсі – сұр-көк, шашы қысқа, ақ сары, іш жағында тыртық бар, «Р» әрпін нашар айтады.

Оның үстінде көк түсті күздік күртеше, қызыл түсті футболка, қызыл түсті кофта, сұр түсті шалбар, ақ-қара жолақты бас киім және көк түсті аяқ киім болған.

«Жоғалған жігіттің қайда екені туралы ақпарат білетін адамдардың 8 (7162) 72-32-98 нөміріне немесе 102 желісіне хабарласуын сұраймыз», - деп қосты полицейлер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT