+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

9 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

2019 жылғы 8 қазан 19:30
Бөлісіңіз:
9 қазан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 9 қазан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
8 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар 7 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу 6 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де «Хилтон» қонақ үйінде ҚР Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді, ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы миссияларының басшылары, БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының және БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі Аймақтық орталығының, ШЫҰ, АӨСШК және басқа ұйым өкілдері, сондай-ақ ғылыми-зерттеу топтары мен талдау орталықтарының қатысуымен Ауғанстан бойынша ЕҚЫҰ дөңгелек үстелі өтеді.

Сағат 09.00-де «Radisson» отелінде қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының XIV съезі өз жұмысын бастайды. Онда есепті кезеңдегі жұмыс қорытындылары тыңдалады.

Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

Сағат 11.30-да Сенатта «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау бойынша Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 11.30-да «Риксос Президент Астана» қонақ үйінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі басшылығының және Беларусь Республикасы делегациясының қатысуымен 15-ші сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь Үкіметаралық комиссиясының отырысы басталады.

Сағат 12.40-та Сыртқы істер министрлігінде Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстанға ресми сапармен келуіне орай жиын өтеді.

Сағат 14.00-де Нұр-Сұлтан қаласынан 16 шақырым жерде «Сарыарқа» газ құбырының «алтын торабын» дәнекерлеу рәсімі өткізіледі.

Сағат 14.30-да Мәңгілік ел, 30 мекенжайында «Мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуы» дискусиялық алаңы өтеді.

Сағат 15.00-де Сенатта қаржы және бюджет комитетінің «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы Қазақстан Республикасындағы Солтүстік инвестициялық банктің қызметін реттейтін негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылау бойынша кеңейтілген отырыс өтеді.

Сағат 15.00-де «The St.Regis» қонақ үйінде Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Қазақстан бокс федерациясының конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» атты әнші, композитор Кентау Назарбектің шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өтеді.

Сағат 17.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының жаңа маусымы ашылады.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де InterContinental Almaty қонақ үйінде Орталық Азия аймағы бойынша үшжақты келіссөз басталады.

Сағат 11.00-де Aurora Space алаңында пікірталас кездесуі өтеді. Онда белгілі саясаттанушылар мен экономистер Орталық Азиядағы соңғы маңызды өзгерістерді, елдер арасындағы, ең алдымен экономикалық мәселелерде, сондай-ақ жалпы өңірлік мәселелерді шешуде тығыз ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылайды.

Сағат 12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Табиғат» жаңа экологиялық партиясының құрылуына арналған баспасөз конференциясы өтеді. Іс-шараның басты спикері - «Табиғат» экологиялық одағының көшбасшысы Мэлс Елеусізов.

Сағат 13.15-те Кемертоған кентінде (Алматы облысы) БҰҰДБ халықаралық ұйымы биосаналуандықты сақтау, жердің тозуы және климаттың өзгеруі бағдарламасы аясында EcoFermer білім беру орталығына көшпелі сессия өткізеді.

Сағат 14.00-де Қазақстан баспасөз клубында Grand Prix Bushido Qazaqstan турниріне арналған баспасөз конференциясы өтеді. ММА BUSHIDO - әлемдік жұлдыздардың қатысуымен аралас жекпе-жек бойынша турнирлер өткізетін Еуропаның ең ірі промоутерлік компаниясы.

Сағат 15.00-де Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысындағы саябақта қазақстандықтарды өсімдік әлеміне, атап айтқанда сексеуілге ұқыпты қарауға шақыратын «4 тонна құм» арт-инсталляциясының тұсаукесері өтеді.

Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ақын, қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровтің туғанына 125 жыл толуына арналған әдеби кеш және ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының бастамасымен жарық көрген «Үш арыс» кітап-альбомының тұсаукесері өтеді.

Сағат 19.00-де Мемлекеттік корей музыкалық комедия театрында «Ағаш» спектаклінің премьерасымен 88-театр маусымы ашылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT