+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

9 қазан күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

2020 жылғы 8 қазан 19:11
Бөлісіңіз:
9 қазан күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 9 қазан күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 9.00-де С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да «Қазақстанда инклюзияны дамыту: Теория және практика» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

11: 00-де Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтында «Nur Otan» партиясының праймеризінің қорытындылары бойынша дөңгелек үстел өтеді.

11.00-де ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің алаңында Монополияға қарсы қызметтің ашық кеңістік форматындағы жұмысының ашықтығы туралы декларация шеңберінде тауар нарықтарындағы қатысушылардың проблемалары мен шағымдарын онлайн талқылау өтеді. Осы іс-шара барысында «Биржалық сауданы дамыту» тақырыбы бойынша сұрақтар қарастырылады.

11.00-де «TOM: Nur-Sultan» 72 сағаттық мейкатон марафонының бірінші кезеңі өтеді. Онда мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмірін жеңілдететін және жақсартатын прототиптер, гаджеттер, құрылғылар жасалады. Іс - шараны Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, Назарбаев университетінің инновациялық кластерінің Fab Lab, Тель-Авив университетінің достар қауымдастығы ұйымдастырады.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын жүзеге асырудың барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

АЛМАТЫ

11.00-де «Мега Парк» алаңында Алматы қаласы ҚКХП аудандық комитеттері арасында «ҚКХП Алматы қалалық комитетінің кубогы» үшін мини-футболдан турнир өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT