+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

9 қараша. Туған күн иелері

2019 жылғы 9 қараша 08:08
Бөлісіңіз:
9 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 9 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


60 жыл бұрын (1959 ҚР Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, генерал-лейтенант Мұрат Жәлелұлы МАЙКЕЕВ дүниеге келді.

Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1980 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 1994 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны тәмамдаған. Қызметін мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі болып бастаған. 1983 жылдан - мотоатқыштар ротасының командирі. 1987-1991 жылдары - мотоатқыштар батальоны штабының бастығы - командирдің орынбасары, командирі. 1994 жылдан - ҚР Республикалық гвардиясының батальон командирі, бригада командирінің орынбасары, полк командирі. 1998 жылдан - мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары, командирі. 2000 жылдан - ҚР ҚМ Тәрбиелік және әлеуметтік-құқық жұмыс департаментінің бастығы. 2003 жылдан - Аэромобиль әскерлерінің қолбасшысы. 2009 жылдан ҚМ Штаб бастықтары комитеті төрағасының орынбасары 2010 жылдан бастап - Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы. 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы күштері бас штабының басшысы болған.

III дәрежелі «Отанға қызметі үшін», II дәрежелі «Айбын» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Генерал-майор.


59 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Сапарқызы МҰСТАФИНА дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін бітірген. 1982-1983 жылдары - Целиноград зауытының аға экономисі. 1983-1985 жылдары - Целиноград ауыл шаруашылығы институтында оқытушы, комсомол комитетінің хатшысы. 1985-1991 жылдары - Совет аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Целиноград облыстық комитетінің екінші хатшысы. 1991-1995 жылдары - Қазақстан ЛКЖО ОК хатшысы, Қазақстан Жастар одағы ОК хатшысы. 1995-1996 жылдары - «Айсар» ЖШС бас директорының орынбасары. 1996-1999 жылдары - Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің консультанты. 1999-2002 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Отбасы ісі бойынша Ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі. 2002-2003 жылдары - ҚР Президенті Кеңсесінің мемлекеттік инспекторы. 2004 жылғы сәуір-қараша айларында - ҚР Мемлекеттік хатшысының бас инспекторы. 2004-2006 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары. ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік сала секторының меңгерушісі. 2008-2011 жылдары - Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі. 2011-2016 жылдары - Астана қаласы Есіл ауданының әкімі. 2016 жылғы 30 қыркүйекте Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды. Қазіргі қызметінде 2017 жылғы шілдеден бері. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған.


45 жыл бұрын (1974) «Қазгеология» ұлттық геобарлау компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Алмас Әбірашұлы ӘБДІҒАЛЫМОВ дүниеге келген.

Алматы облысының тумасы. 2001 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «қаржы және несие» екінші мамандығына ие болған.

Өзінің еңбек қызметін 2001-2002 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының кіші ғылыми қызметкері қызметінде бастаған. 2002-2005 жылдары «СНПС Ай-Дан Мұнай» АҚ» ЖШС 1-санатты кәсіпшілік геологы, 2005-2006 жылдары «Қазнефтехим-Копа» ЖШС геология бөлімінің бастығы, 2006-2007 жылдары «Каспиан Гео-Консалтинг Сервис» ЖШС геологиялық барлау жобалары бойынша менеджер, 2007-2015 жылдары «Гео-Мұнай XXI» ҒӨБ» ЖШС Бас директоры және орынбасары, 2015-2016 жылдары «ҚазМұнайГаз» Өндіру мен бұрғылау технологиясы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-те «Евразия» жобасының бас геологы және жетекші үйлестірушісі болып жұмыс істеген. 2017 жылы «ҚМГ-Евразия» ЖШС бас директорының орынбасары болған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың ақпанынан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:

Автор:

-Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT