+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

9 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 9 қараша 07:00
Бөлісіңіз:
9 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 9 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық фашизмге, нәсілшілдікке және антисемитизмге қарсылық күні

1938 жылғы қарашаның 9-ынан 10-ына қараған түні Германияда «Хрусталь түні» болған. Бұл түні нацистер жүздеген еврейді өлтіріп, тағы 30 мыңдай адамды концлагерьге жөнелтті. Атаулы дата осы қаралы күнді еске алу үшін бекітілген. Халықаралық ядролық қаруға қарсы акция күні

Бұл күні ядролық энергетиканы дамытуға қарсы және оның қауіптілігін арттырғаны үшін наразылық акциялары, демонстрациялар өтеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1945 жылы А.П.Чехов атындағы Павлодар облыстық драмалық театрының негі қаланды.

1989 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің мұражайы алғашқы келушілерді қабылдады. Музей қорында төрт мыңнан астам жәдігерлер бар: құжаттар, марапаттар, жеке заттар, фотосуреттер, формалар.

2005 жылы Байқоңыр айлағынан«Союз-ФГ» зымырантасығышынан «венера-Экспресс» еуропалық ғарыш аппараты ұшырылды.

2010 жылы Нью-Йоркте Қазақстан-Америка инвестициялық форумы өтіп, онда таяуда АҚШ-та (Нью-Йорк қаласы) ашылған ҚР сауда-өндірістік палатасы өкілдігінің тұсаукесері болды.

2015 жылы Алматыдағы Кеңсай зиратына Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіш қойылды.

Кешеннің биіктігі 2,15 м. Мемориал тақтаның оң жағында саксофон ұстаған Батырхан Шүкеновтің бейнесі бейнеленген.

2015 жылы Семейде жаңа көрнекті орын - «Даналық қабырғасы» пайда болды. Бұл әдеттен тыс жобаға жастар бастамашылық жасады.

Қаланың орталығындағы кәдімгі ғимарат қабырғасы фреска жазуларына айналды. Суретшілер онда 3D форматында ұлылар: Абайдың, Шәкәрімнің және Мұхтар Әуезовтің портреттері бейнеленді. Ұйымдастырушылар картинаны қазақ ғарышкерлерінің портреттерімен толықтырмақ.

2016 жылы Қазақстанның үш ұлттық театрына: корей, неміс және ұйғыр театрларына академиялық мәртебе беру туралы Президент өкімі шықты.

2016 жылы Жапонияда ресми сапармен жүрген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Хиросима қаласының «Ерекше құрметті азаматы» атағы берілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:

Автор:

-Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT