9 қаңтарда Қазақстанда болатын маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 9 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 12:20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (ГРЕКО) кіруі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

16:00-де Е.Вахтангов атындағы театрдың елордаға гастроліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары - «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Серік Сейдуманов және Ольга Шишигина «Тұрмыстық зорлық құрбандары болғандарға арналған дағдарыс орталығының» ұжымымен кездеседі.

11.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Зәуреш Аманжолова «Құлагер» алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығына барады.

11.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары –«Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Жұлдыз Омарбекова мен Артур Платонов кездесулер өткізеді.

11.00-де «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында №147 жаңа балабақшада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты – «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Зағипа Бәлиевамен кездесуі өтеді.

12.00-де Қазақстандық Баспасөз клубында заңсыз алкогольді ішімдіктерді анықтау бойынша ауқымды акцияның өтуіне арналған «Қазақстан Тұтынушылар лигасы» қауымдастығының баспасөз мәслихаты өтеді.

15.30-да Қазақ мемлекеттік циркінде математика, физика және информатика бойынша ХVI Халықаралық Жәутіков олимпиадасының салтанатты ашылуы болады. Оған 21 елден 84 команда, сондай-ақ халықаралық қазылар алқасының мүшелері қатысады.



Соңғы жаңалықтар