9 қаңтар. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 9 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

172 жыл бұрын (1850-1902) орыс геологы және географы, Түркістан өлкесін алғаш зерттеушілердің бір Иван Васильевич МУШКЕТОВ дүниеге келді.

Ресейдің Волгоград облысында туған. Санкт-Петербор тау-кен институтын бітірген. Түркістан генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар бөлімінде қызмет істеген. 6 рет ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысып, Тянь-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Памир-Алтай тауларын зерттеді. Түркістан өлкесінің картасын түзетіп, толықтыруға атсалысты. Орта Азия тау тізбектерінің орографиялық кұрылысы туралы бұрынғы түсінік өзгертіліп, Тянь-Шань мен Памир-Алтай тауларының солтүстікке қарай иілген ендік доғалардан тұратындығын анықтады. 1884 жылы Г.Романовскиймен бірге Түркістанның тұңғыш геологиялық картасын жасады. Арал Қарақұмының шығу тегін, Каспий теңізі деңгейінің көтерілу мөлшерін зерттеп, Батыс Қазақстанда геологиялық және географиялық бақылаулар жүргізді. 1887 жылы Верныйға (қазіргі Алматы) келіп, жер сілкіну себептерін және оның зардаптарын анықтады. Өлкедегі зерттеулерін 2 томдық «Түркістан» деп аталатын еңбегінде қорытындылады. Бұл еңбекте аймақтың тұңғыш геолог және географиялық толық сипаттамасы берілді. Әр жылдары оңтүстік Оралда, Кавказда геологиялық және кен барлау жұмыстарымен айналысты. 2 томдық «Физикалық геология» атты теориялық еңбегі жарияланған. Мушкетов құрметіне Сібірдегі тау, Тянь-Шаньдағы мұздық аталған.

53 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Айтқалиұлы ДІЛМАНОВ дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. 1990 жылы Қызылтулы Мәскеу жоғары командалық шекара училищесін аяқтаған. 2005 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмәмдаған. 2009 жылы – Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің Шекара академиясында оқыған. Шекара заставасы бастығының орынбасары, учаске коменданты, комендатура бөлімінің орынбасары, шекара отрядының бастығы қызметтерін атқарды. 2006 жылдың маусымынан 2008 жылдың желтоқсанына дейін – Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі «Шығыс» өңірлік басқармасы бастығының орынбасары. 2008 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының бастығы. 2012 жылдың сәуір айынан 2013 жылдың шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі «Солтүстік» өңірлік басқармасы бастығының орынбасары. 2013 жылдың шілдесінен 2014 жылдың қазан айына дейін - Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және кадрлар жұмысы бас басқармасы бастығының орынбасары.

2015 жылдың маусым айынан бері – қазіргі қызметінде.




Соңғы жаңалықтар