9 елдің шахматшылары Атырауда бақ сынайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат– Атырауда «Atyrau Chess Festival 2022» бірінші халықаралық шахмат фестивалі өтеді. Бұл туралы қазақстандық шахматшы, әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер, Азия және Әлем чемпионы Динара Сәдуақасова баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шахмат фестивалі ертең, 16 тамызда басталады. Оған 260 қатысушы тіркелген.​ Қазақстаннан басқа АҚШ, Нидерланд, Литва, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь және Ресей елінің ойыншылары қатысады. Мақсат – Қазақстанда шахмат ойынын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау.

«Турнир түрлі елдер мен жас өкілдерінің басын қосатын елеулі оқиға болады деп үміттенеміз. Іс-шара аясында әрбір шахмат жанкүйері өзінің күшін «шайқас алаңында» тәжірибе жүзінде сынап көре алады. Фестивальдің барлық қатысушысына тек сәттілік пен жеңіс тілеймін», - деді Динара Сәдуақасова.

Сондай-ақ Қазақстан-Британ техникалық университетінен жоба аясында бакалавриат пен магистратураға арнайы гранттар бөлінеді. Ойынды онлайн режимде​ www.atyrauchessfestival.kz ресми сайтынан көруге болады.

Айта кетейік, халықаралық доданың жүлде қоры 13 миллион теңгеден асады.


Соңғы жаңалықтар