9 баласы бар ақтаулық отбасы қайырымдылықпен айналысады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 35 жасында көпбалалы ана атанған келіншек тұрады. Ешмұханова Гауһардың бұл күнде 9 перзенті бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтаулық Сакен мен Гауһар Ешмұхановтар 2001 жылы отбасы құрған. Содан бері жас отбасының тоғыз перзенті өмірге келді. 4 ұл мен 5 қыз тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптының тұңғыштары 19 жаста. Кенжесі 9 айлық. Оның ішінде қатар өсіп келе жатқан егіз ұлы мен қызы бар. Бүгінде көпбалалы отбасы 10-сәбиін күтуде.

Бала тәрбиесінен бөлек, әр түрлі саланы меңгерген Гауһар Ешмұханова өнерден де кенде емес. Мерекелік жиындарда ән салады.

«Бала тәрбиесінде енем мен үлкен қыздарымның көмегі зор. Осы жақындарымның арқасында өзіме де уақыт тауып жүрмін. Бала баланы бағады дегендей, шүкір көз алдымда өсіп келе жатыр. Қазір қыздарыма үй шаруасын сеніп тапсыра аламын», - дейді Гауһар Ешмұханова.

Сонымен қатар, Ешмұханавтор отбасы қайырымдылықпен айналысып, көпбалалы отбасыларға көмек қолын созып тұрады.


Соңғы жаңалықтар