9 айда еліміздегі өнеркәсіптік өнім көрсеткіші былтырғы жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 104,3 пайызды құрады

None
None
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ағымдағы жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша өнеркәсіптік өнімнің көрсеткіш индексінің өсімі былтырғы жылғы кезеңмен салыстырғанда 104,3 пайызды,

ал өңдеуші өнеркәсіп 107 пайызды құрап отыр. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Аталмыш кезеңде азық-түлік өнімдерін шығару, металл емес минералды өнімдер, қара, түсті металлургия, машина құрылысы өнімдері, химиялық өнеркәсіп пен киім шығару көрсеткіші артқан. Оның ішінде өндіріс айтарлықтай артқан салаларға мыналар жатады: химиялық өнеркәсіп өнімдері 121,7 пайыз, машина құрылысы - 119, пайыз, металлургия өнеркәсібі 108 пайызды құрап, 1,5 трлн. теңгенің өнімдері шығарылған. Машиналар мен қондырғылардан басқа дайын металл өнімдерін шығару 117,3 пайызға өсті. Электроэнергетикалық салада 9 айда еліміздегі өндірілген электр энергиясы 61 млрд. кВтсағатты немесе былтырғы жылғы кезеңмен салыстырғанда 104,2 пайызды құрады. Ал электр энергиясын тұтыну - 62,5 млрд. кВт сағатты немесе 2010 жылғы кезеңмен салыстырғанда 104,6 пайызды құрады.

Көмір өнеркәсібі саласында еліміздің көмір өндіру компанияларымен ағымдағы жылдың 9 айында 78,8 млн. тонна көмір өндірілді. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 4,4 млн. тоннаға немесе 5,9 пайызға артық. Ал жыл соңына дейін болжанған көмір өндіру көрсеткіші 107 млн. тоннаны құрайтын болады.

Соңғы жаңалықтар