9 адам көшеде жабыла сабаған 18 жастағы футболшы көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гондураста 18 жастағы футболшы тоғыз адам көшеде ұрып кеткен оқиғадан кейін қайтыс болды, деп хабарлады "Евроспорт".

Келеңсіз жағдай  Пуэрто-Кортесте  "Эстадио Эксельсиор"  маңында орын алды.  "Платенсе"  форварды Серхио Мехияны тоғыз адам өлмеші ғып соққыға жығып кетті. 

Полиция өкілі хабарлағандай, шабуылдағандардың кім екені анықталды, таяуда ұсталады. Олардың не үшін спортшыны соққыға жыққаны әзірге белгісіз, деп хабарлады Diez.

Соңғы жаңалықтар