86 жастағы қартты қошқар сүзіп өлтірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Ставрополь өлкесінің тергеу комитеті қарт адамның өлімі фактісі бойынша тексеріс жүргізуде. 86 жастағы жергілікті тұрғын жекеменшік тұрғын үйдің ауласында басына және денесіне көптеген зақымдар салынған күйінде табылды.

Алдын ала болжам бойынша, қария көршінің қошқары салған жарақаттардан көз жұмды.

Мерт болған ер адамның денесі өткен аптада Архангельское ауылындағы жекеменшік тұрғын үйдің ауласынан табылды. 86 жастағы қарттың денесінен көптеген жарақаттар анықталды. Өлкенің тергеу комитетінің хабарламасы бойынша, зейнеткер көршісінің қошқары салған жарақаттардан қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар