+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

85 мың адам биометриялық сәйкестендіру жолымен ЭЦҚ алды

2020 жылғы 7 сәуір 13:41
Бөлісіңіз:
85 мың адам биометриялық сәйкестендіру жолымен ЭЦҚ алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі электронды цифрлық қолтаңбаны алу тәсілін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылған соң, халықта электронды цифрлық қолтаңбаны қашықтан алу мәселесі туындады. Бұл мәселені шештік. Қазір Электронды цифрлық қолтаңбаны электронды түрде бір реттік құпиясөзбен және биометриялық сәйкестендіру жолымен алуға болады. Бұл механизм іске қосылды және 85 461 жеке тұлға ЭЦҚ алды», - деді ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, вице-министр заңды тұлғаларға да ЭЦҚ алу механизмі іске қосылғанын хабарлады.

«1337 заңды тұлға электронды цифрлық қолтаңбасын қашықтан алды. Компьютер арқылы алынған файлдық тасымалдаушыдағы ЭЦҚ бір жылға дейін жарамды. Жеке куәлікке жазылған ЭЦҚ үш жылға жарамды. Базаны қарап, қазіргі уақытта 10 млн азаматта ЭЦҚ бар екенін көріп отырмыз. ЭЦҚ таба алмаған азаматтар да қайтадан жүгініп, жаңасын алғысы келеді - ол үшін де барлық механизм жасалған», - деді А. Оспанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT