84 жастағы қарияның 1,5 миллион теңге қаржысын қолды қылған алаяқтар қолға түсті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының полицейлерімен 84 жастағы қарияның 1,5 миллион теңге қаржысын жымқырып кеткен алаяқтар қолға түсті, деп хабарлады Ақмола облысы бойынша ІІД баспасөз қызметінен.

Полицейлердің мәліметі бойынша, қаскүнемдер қарияға өздерін әлеуметтік қызметкерлер ретінде таныстырып, қолда бар ақшасын ауыстыруы қажет екенін айтып сендіреді. Осылайша, олар зейнеткердің жылдар бойы бар-жиған терген 1,5 миллион қаржысын жымқырып кетеді.

Жедел іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері 1989 жылғы ер адам мен 24 жасар қызды қолға түсірген.

Қазіргі кезде, ҚР ҚК 177-бабының 3-бөлімі (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, полицейлермен күдіктілердің бұдан басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар