838 ауылда су тазартатын кешенді блок-модульдер орнатылады - Бейбіт Атамқұлов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 838 ауылда су тазартатын кешенді блок-модульдер орнатылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта Елбасының бастамасымен «Ауыл -ел бесігі» бағдарламасы іске асырылуда. Ауылдарды сумен жабдықтау жүйесін дамыту осы бағдарламамен үйлестірілген. Қазір республика бойынша барлығы 6 341 ауыл бар. Оның ішінде 4 078 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған. 279 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. 1 146 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі салынып жатыр«, - деді Бейбіт Атамқұлов.
Оның айтуынша, 200-ден аз адам тұратын 838 ауылда өз елімізде өндірілген су тазартатын кешенді блок-модульдер орнатылады.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздерінен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға 934 млрд теңге көзделген«, - деді министр.
- Ресей Қазақстанда өсірілген қызанақ экспортына шектеуді алып тастамақ
- АӨК туралы ұлттық жоба маусымға дейін реформа жөніндегі жоғарғы кеңесте қаралады
- Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдарды қайтаруды жүктеді
- Президент Үкіметке қарашаға дейін Жер кодексіне түзету енгізуді тапсырды
-
2025 жылға дейін 3 561 ауыл жаңғыртылады
-
Қазақстан тұрғын үй құрылысы бойынша ТМД елдері арасында 1-орында
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам