835 жамбылдық медицина қызметкері вакцина алды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында 1 ақпаннан бастап 835 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерікті түрде екпе салу кезең-кезеңмен жүргізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір облыс орталығындағы 9 емхана мен өңірдің 10 ауданында коронавирус індетіне қарсы вакцинация кабинеттері жұмыс істеуде.

«Вакциналарға арналған арнайы мұздатқыш камералары орнатылған. Бүгінде вакцина алған медицина қызметкерлерінің денсаулығы жақсы. Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеді»,-делінген басқарма хабарламасында.

Вакцина ең алдымен, инфекция жұқтыру қаупі бар саналатын медицина мамандарына салынуда. Олар — жұқпалы аурулар ауруханалары мен жансақтау бөлімі, қарқынды терапия бөлімшелерінің дәрігерлері, жедел жәрдем қызметкерлері мен емханалардағы мамандар

Екпе қабылдаған адамдар үш күн бойы дәрігердің бақылауында болады.

Еске салсақ, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы егу тегін жүргізіледі.

Коронавируспен ауырған адамның антиденелер титрі жоғары болса және ұзақ уақыт сақталса, вакцина салудың қажеті жоқ. Ал егер антидене титрі уақыт өте келе төмендесе немесе төртінші, алтыншы айда нөлге дейін түссе, онда иммундау мәселесі туындауы мүмкін.

Вакциналау туралы толық ақпаратты ҚазАқпарат агенттігінің арнайы айдарынан оқуға болады.


Соңғы жаңалықтар