830 мыңға жуық жасөспірім коронавирусқа қарсы егілді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды егу «Pfizer» препаратымен жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін вакцинаның I дозасын 1 215 053 адам (жасөспірімдер – 865 203, жүкті әйелдер – 41 015, бала емізетін әйелдер –144 604) салдырды. Препараттың ІІ дозасын 1 117 710 адам (жасөспірімдер – 829 179, жүкті әйелдер – 37 462, бала емізетін әйелдер – 135 539) алды.

Жалпы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналанғандар саны – 9 299 406 (екі компонентті толық алғандар) адам. 9 519 712 адам егудің бірінші курсынан өтті.


Соңғы жаңалықтар