83 жастағы зейнеткерді өлтірген күдікті Ресей асып кетпек болған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай шекара отрядының қызметкерлері полицейлермен бірігіп, «Ұзынкөл» шекара комендантының аумағында 1991 жылы туған Қазақстан азаматын қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Мендіқара ауданының Қасқат ауылы маңында болған. 30 жастағы ер адам Ресей Федерациясына заңсыз өтіп кетуге тырысқан.

«Ер адам қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін Ресей Федерациясының шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған. Ол 83 жастағы зейнеткерді өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Қазір күдікті Меңдіқара аудандық полиция бөлімінде қамауға алынды», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Күдіктіге ҚР ҚК 99-бабы, 2-тармағы «Кісі өлтіру» бойынша айып тағылды.


Соңғы жаңалықтар