81 жастағы қостанайлық суға батып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 30 жастағы ер адам мен зейнеткер суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД солтүстік өңірлік аэромобильдік жедел жасағының қызметкерлері Қарасу ауданындағы Қойбағар өзенінен 1988 жылы туған ер адамның денесін шығарды. Ол қайығын алып келу үшін суға түскен. Күші сарқылып, суға шомылуға рұсқат етілмеген жерде батып кеткен.

Тағы бір оқыс оқиға Қостанай қаласындағы «Дорожник» саяжай қоғамында болған. Саяжай тұрғындары жергілікті өзеннен 1937 жылы туған зейнеткердің денесін алып шықты. Оның қандай жағдайда суға батып кеткені белгісіз.

Соңғы жаңалықтар