Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

800 мыңнан астам жасөспірім коронавирусқа қарсы толық егілді

2022 жылғы 28 мамыр 10:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 мамырға дейінгі жағдай бойынша: аталмыш препараттың І дозасын – 1 158 766, ІІ дозасын 1 036 625 адам салдырды. Оның ішінде: І компонентімен 850 710 – жасөспірім, 39 808 – жүкті әйел, 141 314 –бала емізетін әйел; ІІ компонентімен 802 698 – жасөспірім, 35 743 – жүкті әйел, 130 209 – бала емізетін әйел вакциналанды.

Жалпы, елімізде коронавирусқа қарсы вакциналардың барлық түрімен егілгендер саны: бірінші дозасымен – 9 502 731 адам, екінші дозасымен 9 278 614 адам.


Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары