800 мыңға жуық адамның кірісі еліміздегі күнкөріс деңгейінен төмен - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 800 мыңға жуық адамның кірісі күнкөріс деңгейінен төмен. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір мәселе - жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру. Пандемияның салдарынан қаржылай табыстың азаюы өзекті мәселеге айналды. Кедейшілік деңгейі 4,5 пайыз болды. 800 мыңға жуық азаматымыздың кірісі күнкөріс деңгейінен төмен. Тұрғындардың нақты әрі атаулы табысының өсімі азайып кетті. Табыс түрлеріндегі өзгерістер де көңіл көншітпейді», - деді ҚР Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында.

Мемлекет басшысының айтуынша, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы сияқты әлеуметтік трансферттер артқанымен еңбек табысы азайып бара жатыр.

«Шұғыл әрі ауқымды шаралар қабылдау қажет. Бұл шаралар еңбек табысы мен кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түсетін табысты арттырып, көлеңкелі экономиканың ауқымын азайтуға және басқа да бастамаларды қамтуға тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар