800 мың теңге пара алған Меркі аудандық ауруханасының бас дәрігері сотталды

None
None
МЕРКІ. ҚазАқпарат - Меркі аудандық орталық аурухананың бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Б.Т. Құрманәліге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Ол ЖШС өкілінен 2 млн 800 мың теңгеге балалардың құрғақ тамағын жеткізу мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 800 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген болатын. 12 қарашада Меркі аудандық сотының үкімімен бас дәрігер пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген хабарламада.

Сонымен бірге, ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Соңғы жаңалықтар