800-ге жуық шетелдік турист Қызылордадағы этноауылда болды

None
None
  ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында осыдан он күн бұрын Қармақшы ауданында ашылған этноауылда 800-ге жуық турист болы қайтты.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «ЭКСПО-2017» ресурстық орталығының директоры Жандос Тұсмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

null 

Этноауылда 7 киіз үй тігілген. Оның әрқайсысына түрлі қолөнер бұйымдары қойылған. Атап айтқанда, келушілер назарына киізден, былғарыдан, саздан, иірілген жіптен, ағаштан жасалған бұйымдар мен кілем мен зергерлік өнімдер ұсынылған. Бұдан бөлек, тегін шеберлік сабақтары өткізіліп тұрады. 

Тұсмағамбетовтің айтуынша, ауылда 11 қолөнерші жұмыс істеуде. Олардың барлығымен келісімшарт жасалған, жалақы мәселесі шешілген. Тағы 12 қызметкер мұнда күндіз-түні орналасқан. Этноауыл ұйымдастырушылары еліміздегі туристік компаниялармен тығыз жұмыс істеуде. Соның нәтижесінде бүгінге дейін бірқатар аймақтан Германия, Ирландия, Румыния, Франция, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 800-ге жуық турист келген. Көпшілігі 16 қанатты хан киіз үйіне ерекше қызығушылық білдіруде.  Солардың бірі - голландиялық астронавт Андре Кейперс. Кейперс бастаған делегация үшінші шілдеде Байқоңыр кешені мен этноауылды тамашаламақ.

null

Соңғы жаңалықтар