80 жастағы Германия азаматы Қазақстан аумағынан қуылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері жыл басынан бері ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 200-ден астам азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әкімшілік жауапқа тартылған 233 адамның екеуі - қос елдің азаматтығын алған шетелдік.

Полиция қызметкерлері Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы «Сарыарқа» әуежайының аумағын тексеру кезінде ҚР азаматтығы туралы заңнаманы бұзған 1958 жылғы Германия азаматын анықтады. Бұқар жырау аудандық соты оған 353 500 теңге көлемінде айыппұл салды.

Биыл қаңтарда Алматы әуежайында осындай құқық бұзған 80 жастағы Германия азаматшасы да ұсталды. Алматы ауданаралық әкімшілік соты ұсталушыны ҚР аумағынан шығарып жіберді.

Соңғы жаңалықтар