80 жастағы әйел терезеден арқан арқылы түсемін деп қайтыс болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай қаласында 80 жастағы әжей көпқабатты үйден арқан арқылы түспек болып, құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға облыс орталығында болған.

«80 жастағы әйел ұлы екеуі үйдің 4 қабатында тұрған. Сырқаттанып жүрген ол далаға терезе арқылы шықпақ болады. Киім-кешектерден арқан жасап, төменге түспек болады. Арқан үзіліп кетіп, әйел көз жұмды. Бұл уақытта ұлы жұмыстарымен жүрген», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Полицейлер кісі өлімінің нақты себептерін жариялаған жоқ. Бұл факт бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар