80 мыңға жуық ақмолалық жалпыхалықтық диктантқа қатысады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 80 мыңға жуық ақмолалық жалпыхалықтық латын графикасындағы әліпбиі бойынша диктантқа қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Айта кетерлігі бүкіл еліміз бойынша 2018 жылдың 14 қарашасында сағат 11:00-де латын графикасындағы әліпбиден жалпыхалықтық диктант жазылады.

Аталмыш шараны ұйымдастыру, жаңа əліпбиді насихаттау жəне оның жазылуы ерекшеліктері туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Марал Жақыпова жəне облыстық оқу-əдістемелік орталығының əдіскері Əсемгүл Қарсабаева айтып берді.

Диктант қоғамның қабылдауына талдау жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Мамандардың айтуынша, диктантты emle.kz, tilalemi.kz сайттарының басты бетінде орналасқан сілтемемен компьютер немесе ұялы телефон (смартфон) арқылы кіріп, белгіленген уақытта диктант аудиосын тыңдай отырып жаза алады.

Брифинг барысында сапарапшылар мен тіл мамандары ұсынған қазақ тілінде латын əріптерімен дұрыс жазу жобасы түсіндірілді.

«Жоба бірқатар əріптер, емлелер, тыныс белгілері, қысқартылған, біріккен жəне бөлінген сөздерге қатысты болып отыр. Олардың соңғы нұсқасын 2019 жылдың наурызында нақты бекіту жоспарланған», - деп атап өтті Марал Жақыпова.

Ұйымдастырушылардың мəліметі бойынша, жалпыхалықтық диктантқа Ақмола облысының шамамен 80 мыңға жуық тұрғыны қатыстырылатын болады.null 

Соңғы жаңалықтар