+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

8 желтоқсан. Туған күн иелері

2019 жылғы 8 желтоқсан 08:08
Бөлісіңіз:
8 желтоқсан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 8 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1959) Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығының бас директоры Бану Ғаниқызы Нұрғазиева дүниеге келген. Алматы облысында туған, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған, мамандығы – филолог (1979).

Алматы облысы Шелек ауылындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (1979-1988), Қазақстан Компартиясы Шелек аудандық комитетінің идеологиялық бөлім нұсқаушысы, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінде үйірме жетекшісі, әскер, авиация және флот жанындағы еріктілер қоғамында мұғалім (1988-1991), Шелек ауданы әкім аппаратының Ішкі саясат бөлімінің жетекшісі, ұйымдастыру бөілмінде референт (1992-1997), Бостандық ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бас маманы (Алматы қ.), Алматы қаласы әкімдігі Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы (1997-2002), Алматы қ. Жетісу аудандық әкім аппаратының жетекшісі, Алматы қаласы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Алматы қ.әкімдігі жанындағы ақпараттық-сараптамалық орталығының директоры (2002-2005), Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат департаментінің директоры (2005-2007), «Восточный Медиа Экспресс» ЖШС директоры, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы орталық аппаратының саясат қызметі бөлімінің меңгерушісі (2007-2008), Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық-саяси жұмыс департаментінде диреткордың қызметін атқарушы (2008-2010), Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің директоры (01.12-нен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі) (2010-2014), Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары (2014-2017).

Қазіргі қызметінде – 2017 жылдың қыркүйегінен.

«Құрмет» ордені (2008), «Ерен еңбегі үшін» (2004), «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2005) медальдарымен марапатталған.

58 жыл бұрын (1961) Батыс Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ерболат Рахметұлы МҰҚАЕВ дүниеге келді.

Гурьев педагогика институтын, БЛКЖО ОК жанындағы Мәскеу Жоғары комсомол мектебін, Батыс Қазақстан инженерлік-технология университетін бітірген. Физика пәнінің мұғалімі, саясаттанушы, экономист. Орал қаласы әкімінің орынбасары. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарған. «Құрмет» орденімен, екі медальмен марапатталған.

2008 жылдан бері қазіргі қызметінде. 2014 жылы қайта сайланған.

53 жыл бұрын (1966) ҚР Жоғарғы сот судьясы Ғалымжан Жарылқасынұлы МЫРЗАКЕ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Қаратау ауылында туған. 1995 жылы «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» Қазақ политехникалық институтутын, 1997 жылы «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 1984 жылдан 1999 жылға дейін «Қаратау» өндірістік бірлестігінің энергоцех слесарі, «Қаратау» өндірістік бірлестігінің слесарь-жөндеушісі, Көпбағдарлы «Оян» кооперативінің жүргізуші-механигі, Жамбыл облысының ІІД ОПО ППЧ-18 өрт сөндірушісі, Жамбыл облысының ІІД ОПО ППЧ-18 қарауыл бастығы, Жамбыл облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, Қаратау қалалық прокурорының қоғамдық көмекшісі, Жамбыл облысының Талас аудандық прокурорының аға көмекшісі қызметтерінде болды. 1999-2002 жылдары Астана қаласының Алматы аудандық сотының судьясы, 2002-2005 жылдары Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, 2005-2010 жылдары Қостанай облыстық сотының азаматтық істер бойынша алқа төрағасы, 2010-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы болды.

2012 жылдың шілдесінен Қостанай облыстық сотының төрағасы болды. Қазіргі қызметінде 2015 жылдың желтоқсан айынан.

43 жыл бұрын Атырау қаласының прокуроры Аршат Табылдыұлы Тайтуллин дүниеге келді. Ақтөбе қаласында туып, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған.

Құрманғазы аудандық прокурорының көмекшісі (2002), маманданған табиғат қорғау прокуроры, Мақат ауданының прокуроры, Атырау аудандық прокуратура басқармасының басшысы, Атырау облыстық прокуратурасының қоғамдық мүддені қорғау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың наурыз айынан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT