+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

8 желтоқсан. Туған күн иелері

2018 жылғы 8 желтоқсан 08:08
Бөлісіңіз:
8 желтоқсан. Туған күн иелері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 8 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.


null

ЕСІМДЕР

57 жыл бұрын (1961) Батыс Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ерболат Рахметұлы МҰҚАЕВ дүниеге келді.

Гурьев педагогика институтын, БЛКЖО ОК жанындағы Мәскеу Жоғары комсомол мектебін, Батыс Қазақстан инженерлік-технология университетін бітірген. Физика пәнінің мұғалімі, саясаттанушы, экономист. Орал қаласы әкімінің орынбасары. Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарған. «Құрмет» орденімен, екі медальмен марапатталған.

2008 жылдан бері қазіргі қызметінде. 2014 жылы қайта сайланған.

52 жыл бұрын (1966) ҚР Жоғарғы сотының судьясы Ғалымжан Жарылқасынұлы МЫРЗАКЕ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Қаратау ауылында туған. 1995 жылы «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» Қазақ политехникалық институтутын, 1997 жылы «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 1984 жылдан 1999 жылға дейін «Қаратау» өндірістік бірлестігінің энергоцех слесарі, «Қаратау» өндірістік бірлестігінің слесарь-жөндеушісі, Көпбағдарлы «Оян» кооперативінің жүргізуші-механигі, Жамбыл облысының ІІД ОПО ППЧ-18 өрт сөндірушісі, Жамбыл облысының ІІД ОПО ППЧ-18 қарауыл бастығы, Жамбыл облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, Қаратау қалалық прокурорының қоғамдық көмекшісі, Жамбыл облысының Талас аудандық прокурорының аға көмекшісі қызметтерінде болды. 1999-2002 жылдары Астана қаласының Алматы аудандық сотының судьясы, 2002-2005 жылдары Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, 2005-2010 жылдары Қостанай облыстық сотының азаматтық істер бойынша алқа төрағасы, 2010-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы болды.

2012 жылдың шілдесінен Қостанай облыстық сотының төрағасы болды. Қазіргі қызметінде 2015 жылдың желтоқсан айынан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT