8 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 9 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де «Radisson Hotel Astana» қонақ үйінде Астана Медицина Университеті Астана қаласының акушер-гинекологтар федерациясымен бірлесіп, «Амбулаториялық кезеңде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетудегі мультидисциплинарлық тәсіл» халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

10.00-де Біріккен ұлттар ұйымы ғимаратында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың бастамасымен арнайы уәкілеттігі бар отандық омбудсмендермен және шетелдік омбудсмендермен кездесу өтеді.

11.00-де ҚР Ұлттық музейінде Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Шырақ болып парлаған...» тақырыбында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының көшпелі көрмесі ашылады.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Еуразиялық суретшілер одағы мен Халықаралық заманауи өнер академиясының мүшесі, «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорының президенті Жәмилә Тәкеннің «Қаңбақ» атты мерейтойлық көрмесінің ашылуы өтеді.

19.00-де «QAZAQSTAN» орталық концерт залында тарихы бай, теңдесі жоқ ұжым – Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің (ҚР МАСО) концерті өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында

19.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында The World of Hans Zimmer концерті өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында CHANEL №5 қойылымы көрсетіледі.

19.00-де Астана Балет театрында «Қар Ханшайымы» ертегісі көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар