USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

8 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2021 жылғы 8 желтоқсан 07:00
Бөлісіңіз:
8 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат оқырмандарына 2021 жылғы 8 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
27 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі 26 қаңтар. Туған күн иелері 26 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық суретшілер күні

Атаулы күн әлемдік ауқымдағы қоғамдық-маңызды оқиғалар күнтізбесіне 2007 жылы енгізілді. Оған «Әлем халықтары өнері» Халықаралық қауымдастығының өкілдері бастамашыл болды.


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1937 жылы Ахмет Байтұрсынұлы Алматы қаласындағы НКВД ғимараты орналасқан жертөледе атылды. Ахмет Байтұрсынұлы - 20 ғасыр басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, Алаш орда өкіметі лидерлерінің бірі, ақын, публицист, аудармашы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ұлы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Ол 1937 жылы «халық жауы» деген негізсіз жаламен тамыз айында қамалып, 8 желтоқсан күні атылған.

1991 жылы Минскіде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құру туралы шешім қабылданды. Ал 1991 жылы 21 желтоқсан күні Алматыда ТМД-ның Басты қағидалары мен мақсаттары декларациясына Беларусь, Ресей, Украина, Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан қол қойды. 1993 жылы ТМД-ның Жарғысы қабылданды. Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Мемлекетаралық экономикалық кеңес, Санкт-Петербургтағы үкіметаралық ассамблеяның орталығы секілді тағы басқа органдары құрылды. ТМД-ның тұрақты жұмыс істейтін органы - Минскідегі үйлестіру кеңесі комитеті.


1992 жылы Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясы құрылды, оның президенті болып Ө.Жолдасбеков тағайындалды. Қазіргі күні Ұлттық инженерлік академия құрамында 20-дан астам ғылыми-өндіріс орталықтары жұмыс істейді, ол бүкіл Қазақстандағы технопарктердің құрылуы мен дамуына белсенді қатысады, оның бөлімдері мен филиалдары аймақтағы өндіруші кәсіпорындармен тығыз байланыста.

2009 жылы Осакада (Жапония) Қазақстан Республикасы Құрметті консулдығының ашылу рәсімі болып өтті. Құрметті консул болып әлемге танымал «Тошиба» корпорациясының вице-президенті Широ Кавашита тағайындалды.

2010 жылы Нью-Йорктегі Christie's аукционына қазақстандық көркемсурет және мүсін шеберлерінің жұмыстары шығарылды. Бұл Қазақстан үшін ерекше оқиға болды. Танымал аукцион үйінің 230 жылдық тарихында мұнда қазақстандықтардың жұмыстары алғаш рет сатылымға шығарылды.

2010 жылы қазақстандық көрнекті қоғам қайраткерлері Еркеғали Рахмадиев пен Жабайхан Әбділдинге халықаралық «Древо жизни» марапаты табысталды. Аталмыш марапатты Ресей Федерациясы Кеңесінің қолдауымен ТМД қатысушы-елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы, «Древо жизни» қоры және «Арт-ассамблея» продюсерлік орталығы бекіткен. Өнер, ғылым, мәдениет, саясат және спорттағы көрнекті қоғам қайраткерлеріне ғұмырын шығармашылыққа арнағаны үшін беріледі.

2014 жылы Қазақстан мен Багам аралдары дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Дипломатиялық серіктестік ҚР-ның Канададағы елшісі Константин Жигаловтың Багам астанасы Нассау қаласына сапары кезінде орнады.

2015 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы отырысында Қазақстанның бастамасымен Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация бекітілді. Түрлі құрлықтар мен өңірлік топтар атынан өкілдік еткен 35 мемлекет – тиісті қарардың тең авторы.

2015 жылы Алматы облысының Қаратал ауданында Төле бидің немересі, Жалайыр руынан шыққан, қазақ халқының тарихында орны ерекше тұлға – Ескелді би (1695-1770) кесенесі қайта жаңартылып ашылды. Ескелді Жылкелдіұлы атақты Төле бидің Ұланбике атты қызынан туған жиен немересі. Әділ төрелігі мен бойындағы қасиеті аңызға айналған тарихи тұлға. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Ескелді би ерекше қайсарлық танытқан.

2016 жылы Еуропалық комиссия барлық қазақстандық авиакомпанияларды қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтін ұшырулардың қауіпсіздігі бойынша «қара тізімнен» алып тастады.

2016 жылы Универсиаданың жаңа нысаны «Алматы аренада» 2017 жылғы 28-ші қысқы Универсиадаға арналған марканың айналымға жіберу процедурасы өтті. «Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежузілік қысқы Универсиада» тақырыбындағы «Спорт» топтамасындағы пошталық блоктың маркасы 4 бояулы офсетті тәсілмен басылған, перфорациясы жақтаулы. Блоктың өлшемі 90 х 100 мм. Марканың өлшемі 28 х 40 мм. Таралымы – 7 500 блок. Суретші К. Плужникова. Белгіленген бағасы 300 теңге. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.

2017 жылы Астанада Қазақстан xалқы Ассамблеясы меценаттардың республикалық форумын өткізді. Шара аясында ұйымның «Жомарт жан» атты төсбелгісі алғаш рет табысталды.

2018 жылы Астанада туризм саласындағы «National Tourism Awards» тұңғыш ұлттық премиясын табыстау салтанаты өтті. Премия туристік мәдениетті қалыптастыру, сала қатысушыларының кәсібилігін арттыру және туристік қызметтердің сапасын жақсарту арқылы отандық туризмді дамытуға бағытталған.

2020 жылы Еуропалық одақ және Біріккен Ұлттар ұйымы әйелдер мен балаларға қатысты зорлықтың барлық формаларын жоюға бағытталған «Жарық сәулесі» атты жаңа ұзақмерзімді жаһандық бастамны жүзеге асыруға кірісті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның «Жарық сәулесі» бастамасын ұлттық және өңірлік деңгейлерде іске асырылуын толық қолдайтынын білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT