+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

8 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 8 желтоқсан 07:00
Бөлісіңіз:
8 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 8 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық суретшілер күні

Атаулы күн әлемдік ауқымдағы қоғамдық-маңызды оқиғалар күнтізбесіне 2007 жылы енгізілді. Оған «Әлем халықтары өнері» Халықаралық қауымдастығының өкілдері бастамашыл болды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1991 жылы Минскіде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құру туралы шешім қабылданды. 1991 жылы 21 желтоқсан күні Алматыда ТМД-ның Басты қағидалары мен мақсаттары декларациясына Беларусь, Ресей, Украина, Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан қол қойды. 1993 жылы ТМД-ның Жарғысы қабылданды. Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Мемлекетаралық экономикалық кеңес, Санкт-Петербургтағы үкіметаралық ассамблеяның орталығы секілді тағы басқа органдары құрылды. ТМД-ның тұрақты жұмыс істейтін органы - Минскідегі үйлестіру кеңесі комитеті.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясы құрылды, оның президенті болып Ө.Жолдасбеков тағайындалды. Қазіргі күні Ұлттық инженерлік академия құрамында 20-дан астам ғылыми-өндіріс орталықтары жұмыс істейді, ол бүкіл Қазақстандағы технопарктердің құрылуы мен дамуына белсенді қатысады, оның бөлімдері мен филиалдары аймақтағы өндіруші кәсіпорындармен тығыз байланыста.

2009 жылы Осакада (Жапония) Қазақстан Республикасы Құрметті консулдығының ашылу рәсімі болып өтті. Құрметті консул болып әлемге танымал «Тошиба» корпорациясының вице-президенті Широ Кавашита тағайындалды.

2010 жылы Нью-Йорктегі Christie's аукционына қазақстандық көркемсурет және мүсін шеберлерінің жұмыстары шығарылды.

Бұл Қазақстан үшін ерекше оқиға болды. Танымал аукцион үйінің 230 жылдық тарихында мұнда қазақстандықтардың жұмыстары алғаш рет сатылымға шығарылды.

2010 жылы қазақстандық көрнекті қоғам қайраткерлері Еркеғали Рахмадиев пен Жабайхан Әбділдинге халықаралық «Древа жизни» марапаты табысталды. Аталмыш марапатты Ресей Федерациясы Кеңесінің қолдауымен ТМД қатысушы-елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы, «Древо жизни» қоры және «Арт-ассамблея» продюсерлік орталығы бекіткен. Өнер, ғылым, мәдениет, саясат және спорттағы көрнекті қоғам қайраткерлеріне ғұмырын шығармашылыққа арнағаны үшін беріледі.

2011 жылы Астанада генерал С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің жаңа кешені ашылды.

2014 жылы Қазақстан мен Багам аралдары дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Дипломатиялық серіктестік ҚР-ның Канададағы елшісі Константин Жигаловтың Багам астанасы Нассау қаласына сапары кезінде орнады.

2015 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы отырысында Қазақстанның бастамасымен Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация бекітілді. Түрлі құрлықтар мен өңірлік топтар атынан өкілдік еткен 35 мемлекет - тиісті қарардың тең авторы.

2015 жылы Алматы облысының Қаратал ауданында Төле бидің немересі, Жалайыр руынан шыққан, қазақ халқының тарихында орны ерекше тұлға - Ескелді би (1695-1770) кесенесі қайта жаңартылып ашылды. Ескелді Жылкелдіұлы атақты Төле бидің Ұланбике атты қызынан туған жиен немересі. Әділ төрелігі мен бойындағы қасиеті аңызға айналған тарихи тұлға. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Ескелді би ерекше қайсарлық танытқан.

2016 жылы Еуропалық комиссия барлық қазақстандық авиакомпанияларды қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмейтін ұшырулардың қауіпсіздігі бойынша «қара тізімнен» алып тастады.

2017 жылы Астанада Қазақстан xалқы Ассамблеясы меценаттардың республикалық форумын өткізді. Шара аясында ұйымның «Жомарт жан» атты төсбелгісі алғаш рет табысталды.

2018 жылы Астанада туризм саласындағы «National Tourism Awards» тұңғыш ұлттық премиясын табыстау салтанаты өтті. Премия туристік мәдениетті қалыптастыру, сала қатысушыларының кәсібилігін арттыру және туристік қызметтердің сапасын жақсарту арқылы отандық туризмді дамытуға бағытталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT