8 жасар қарағандылық дрон-рейсингтен республикалық жарыстың күміс жүлдегері атанды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық Тимофей Муравьев DJI- жарысының күміс жүлдегері атанды. Ол екінші орынға ие болып, 500 мың теңгенің сертификатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«JETISY Эрон Дрон» дрон-рейсингі бойынша республикалық жарыстар Алматы облысында, Ескелді ауданының «Екесу» демалыс аймағының аумағында өтті.

Сайысқа Алматы, Ақтау және Қарағандыдан 16 ұшқыш қатысты. Әуе раллиін «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсесі ұйымдастырды.

Дрондар үшін кедергілері бар маршрут бекітіліп, оны жылдамдықпен өту көзделді. Ұшқыштар көру аумағын кеңейту үшін арнайы FPV көзілдіріктерін қолданды, олар дрондардың борттық камерасымен ұштастырылған. Пилотсыз дрондарды басқару арнайы пульттің көмегімен жүзеге асырылды.

Чемпионаттың ең жас қатысушысы сегіз жасар қарағандылық Тимофей Муравьев болды. Ұшқыш жарысқа әкесімен бірге келді. Дрон-рейсингтің тәжірибелі қатысушыларынан ол техникасы және жылдамдығының арқасында озды.

«Мен әкеммен жаттығуды екі жыл бұрын бастадым. Ол аэротүсіріліммен айналысады. Бұл чемпионатқа жарты жыл дайындалдық. Кәсіби ұшқыштардың техникасын зерттеп, түрлі бейнероликтерінен үйрендім. Ал жарыстарда олармен жеке таныстым. Олар - керемет жігіттер. Чемпионатта жүлделі орынға ие болғаныма өте қуаныштымын, әрі қарай жаттығамын», – деді Тимофей.

Әуе раллиінің жеңімпаздары алғыс хаттар, сыйлықтар және ақшалай сертификаттар алды. Бірінші орын мен миллион теңгені алматылық Әнуар Нақысов еншіледі. Қарағандылық Тимофей Муравьев екінші орын және 500 мың теңге сертификатына ие болды. Үздік үштікті алматылық Олег Сугатов түйіндеді. Оған 250 мың теңгенің сертификаты берілді.


Соңғы жаңалықтар