8 жақты форматта Еуразиялық қаржылық консультация тетігін құру қажет - ҚР Президенті

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - 8 жақты форматта Еуразиялық қаржылық консультация тетігін құру қажет. Бұл туралы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер кеңесінің 19-отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бішкектен.

"Әлемдік нарықтардағы экономикалық өсімнің баяулауы, қаржылық тұрақсыздық жағдайында ШЫҰ-ның ауқымды экономикалық әлеуетін барынша тиімді пайдалану қажет. Бұған сегіз жақты форматта Еуразиялық қаржылық консультация тетігін құру септігін тигізе алады. Аталған құрал біздің экономикалық күн тәртібіміздегі бірқатар мәселені шешуге қызмет етеді",- деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бүгін ШЫҰ хатшылығы мен "Астана" халықаралық қаржы орталығы арасында қол қойылатын меморандум Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қаржылық жүйесін дамытуда аталған орталықтың бірегей инновациялық әлеуетін пайдалануға мүмкіндік беретіндігін баса айтты.

"Транзиттік көлік альянсын құру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланып отырған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің темір жол әкімшілері басшыларының екінші кезесуіне ШЫҰ-ның байқаушы мемлекеттерінен қызығушылық танытқан серіктестерді тартуды ұсынамыз", - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар